Қазақстан-Ауғанстан келісімі: Елдеріміз қай салада бірлесе жұмыс істейді

5 Маусым 2024, 15:03
426
Бөлісу:
Қазақстан-Ауғанстан келісімі: Елдеріміз қай салада бірлесе жұмыс істейді
Фото: gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанның Ауғанстанмен келісімі жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз Ауғанстанмен бидай, ұн экспортын арттыруды көздеп отырмыз. Одан бөлек жалпы дәнді-дақылдардың экспортын арттыру жоспарланған. Бұл үшін арнайы маршруттар қарастырылып жатыр. Себебі солтүстік маршруттар Сарыағаш, Келес арқылы Ауғанстанның Мазари шариф қаласына жібереміз. Ол үшін бүгіндікке жеткілікті қаржы көзі қарастырылды, - деді ол.

Жұманғаринның айтуынша, Қазақстан тарапымен де, Өзбекстан тарапымен де инфрақұрылым ескірген. Сол себепті Қазақстан ең алдымен 2025 жылы іске қосылатын Дарбаза-Мақтаарал жаңа тас жолдардың жұмысына мән бермек.

Бұл жерде ауқымды, халықаралық деңгейдегі өнеркәсіпті дамытуды көздейміз. Бұл жаңа жолдар Өзбекстанның Сырдария станциялары арқылы өтетін болады. Ол Бұқара арқылы Ауғанстанға жетуі де мүмкіндігі бар. Әріптестеріміз Ауғанстанның батыс бөлігіне көбірек мән беруді сұрады. Онда Герат қаласы орналасқан. Оның жанында Қорасан қаласы бар. Екі ел арасындағы келісімге байланысты біз алдағы уақытта өнеркәсіп инфрақұрылымына қатысты үлкен форум өткізуді жоспарлап отырмыз. Ол Ақтау қаласында өтеді деген жоспар бар, - деп түсіндірді ол.

Өзгелердің жаңалығы