Қазақстан әуежайларында шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін

Кеше, 22:48
272
Бөлісу:
Қазақстан әуежайларында шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Фото: baq.kz

Енді жолаушыларға әуежайларда шекара бақылауынан өту рәсімі ыңғайлы болуы мүмкін. Көлік министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжат жобасына сәйкес жолаушылардың бұл рәсімнен өтуінің қарапайымдылығы мен жылдамдығы қамтамасыз етілуі керек:

жолаушылардың ұшу/келу рәсімдерінен өту уақытын реттейтін, шекара қызметімен келісілген әуежай стандарты болуы:

  • бақылаудан өткенге дейін жолаушылар үшін рәсімдерден өту талаптары туралы қолжетімді ақпарат болуы;
  • шекара қызметімен келісілген, паспорттық бақылау кезінде жолаушыларға қызмет көрсету жылдамдығы болуын және орындалуын бақылау;
  • жолаушылар саны жылына 1 миллионнан асатын әуежайларда паспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі болуы.

Сондай-ақ құжатқа сәйкес шекаралық бақылау қызметі қызметкерлерінің сыпайылығы мен ашықтығы қамтамасыз етілуі керек.

Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланған, 31 қаңтарға дейін жария талқылауда қолжетімді болады.

Өзгелердің жаңалығы