eGov порталындағы техникалық ақауларға қатысты еліміздің әуежайы ұшып шығатын жолаушылардың назарына үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәліметінше, мемлекеттік органдардың серверлік орталығының инфрақұрылымындағы техникалық ақауларға байланысты eGov порталының бірқатар қызметтері мен eGov Mobile мобильді қосымшасы уақытша қолжетімсіз.
Цифрлық құжаттардың уақытша жүктелмеуіне байланысты Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын өздерімен бірге алып жүруді сұраймыз, - делінген ақпаратта.