Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) отандық әуе компанияларға Иранның үстінен ұшуға тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы бүгін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі берген ресми түсініктемеде айтылды.
Иран аумағының үстінен ұшу қауіпсіздікке төнетін қауіптерлерді арттыруына байланысты ҚАӘ қазақстандық әуе компанияларға Иранның әуе кеңістігінің үстінен әрі оның шегінде рейстер орындауға тыйым салады. Тек ерекше өкім шығарылған болмаса. Барлық рейстер қауіпті аймақты айналып өтетін болады. Жағдай ҚАӘ бақылауында, өзгерген жағдайға байланысты ары қарай шаралар қабылданатын болады, – делінген авиациялық әкімшілігі берген ресми мәліметте.
2026 жылғы 15 қаңтарда екі қазақстандық әуе компания - Air Astana және FlyArystan Ирандағы жағдайға байланысты рейс бағыттары өзгергенін мәлімдеді.
Ирандағы наразылықтар 2025 жылдың 28 желтоқсанында басталды. Бастапқыда адамдар бағаның көтерілуіне және иран ақшасы - риалдың АҚШ долларына шаққандағы бағамының күрт төмендеуіне байланысты бейбіт митингтер өткізді: елде бір жыл ішінде доллар шамамен 80% қымбаттады. Кейін наразылықтар 2022 жылдан бергі халықтың үлкен толқынына ұласты.