Қазақстан АӨСШК-нің институционалдық әлеуетін нығайтуға ниетті

Тараптар өзара іс-қимылды жалғастырып, Кеңестің негізгі басымдықтарын бірлесіп ілгерілетуге уағдаласты.

 Сыртқы істер министрлігі 26 Қараша 2026, 07:12
26 Қараша 2026, 07:12
99
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Бас хатшысы Султан Гаджиевпен кездесті.

Кездесуде тараптар Кеңестің қызметін дамыту, 15 қазанда Бакуде өткен VII Саммитте қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.

Әсіресе превентивті дипломатия, көлік байланыстылығы, жасанды интеллект, су қауіпсіздігі және адами капиталды дамыту бағыттарындағы бастамаларды жүзеге асыруға назар аударылды.

Қазақстан тарапы АӨСШК аясындағы ынтымақтастықты нақты жобалар мен бастамалар арқылы кеңейтуге, Кеңестің институционалдық әлеуеті мен жұмыс тиімділігін арттыруға дайын екенін растады.

Тараптар өзара іс-қимылды жалғастырып, Кеңестің негізгі басымдықтарын бірлесіп ілгерілетуге уағдаласты.

Наверх