Қазақстан алтын сатып алудан әлемде 2-орынға шықты

BestBrokers порталының дерегінше, Қазақстан биыл алтын сатып алу көлемі бойынша әлемде екінші орынға көтерілді. Зерттеу авторлары жыл басынан бері ұлттық банктердің сатып алған алтын мөлшерін салыстырған, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

 pixabay 22 Қараша 2025 2025, 08:54
22 Қараша 2025 2025, 08:54
754
Фото: pixabay

BestBrokers порталының дерегінше, Қазақстан биыл алтын сатып алу көлемі бойынша әлемде екінші орынға көтерілді. Зерттеу авторлары жыл басынан бері ұлттық банктердің сатып алған алтын мөлшерін салыстырған, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

  • Бірінші орында – Польша (67,1 тонна),
  • екінші – Қазақстан (32,4 тонна),
  • үшінші – Қытай (22,7 тонна).

Алғашқы ондыққа сондай-ақ Түркия, Чехия, Камбоджа, Гана, Қатар, Үндістан және Сербия кірді.

Алтын қорын азайтқан елдер қатарында Өзбекстан мен Ресей бар.

Әлемдегі жалпы алтын қоры жөнінен АҚШ көш бастап тұр, одан кейін Германия мен Франция орналасқан.

Наверх