Қазақстан АЭС салу бойынша тағы екі шетелдік компанияның ұсыныстарын қарастырып жатыр

8 Қараша 2023, 16:29
789
Бөлісу:
Қазақстан АЭС салу бойынша тағы екі шетелдік компанияның ұсыныстарын қарастырып жатыр

Қазақстан екі америкалық компанияның атом электр станциясын салу жөніндегі ұсыныстарын қосымша қарастырып жатыр. Бұл туралы Мәжілістің кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Росатом» компаниясы вендорлардың бірі. «Росатом» компаниясынан басқа, өтінімдерді француздық EDF, Корея, Қытай Халық Республикасы компаниялары берді. Сонымен қатар біз екі америкалық компанияның ұсыныстарын қосымша қарастырамыз. Олар - General Electric және NuScale, - деп түсіндірді Энергетика министрі.

Ол шешім референдумнан кейін қабылданатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы