Қазақстан 8 маусымнан бастап ПТР тесті мен вакцина паспортына қойылатын талапты алып тастайды

7 Маусым 2022, 12:10
1664
Бөлісу:
Қазақстан 8 маусымнан бастап ПТР тесті мен вакцина паспортына қойылатын талапты алып тастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан 8 маусымнан бастап ПТР тесті мен вакцина паспортына қойылатын талапты алып тастайды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. 

Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері және өңірлердің басшылары қатысты. 

Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады: 

- биылдың 8 маусымынан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну міндетті талабын алып тастауды.

- Республиканың 7 өңірдегі ҚР Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пункттердін жұмыс істеуге тыйым салуды алып тастау туралы шешім қабылдады. 

Өзгелердің жаңалығы