Қазақстан 2025 жылға дейін 45 ұшақ сатып алмақ

30 Маусым 2022, 17:10
1918
Бөлісу:
Қазақстан 2025 жылға дейін 45 ұшақ сатып алмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елімізде 9 әуе кемесін сатып алу жоспарланып отыр.

ОКҚ-те өткен брифингте Салтанат Томпиева осылай деп мәлім етті.

Айтуынша, комитетте әр әуе компанияның ұшақ сатып алу бойынша жоспары бар.

Соған сәйкес 2025 жылға дейін 45-тен астам әуе кемесі алынбақ. Мысалы, биыл «Air Astana» мен «FlyArystan» компаниясы 2 әуе кемесін алды. 27 маусымнан бастап «Air Astana» және «FlyArystan»-ның кестесінде жаңа аэробус пайда болды. Сонымен қатар биыл жыл соңына дейін аталған 2 әуе компаниясы тағы 5 әуе кемесін сатып алмақ, - деді Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева.

Томпиева халықаралық бағыттар ұшу өрісі кеңейіп келе жатқанын айтты.  

Жалпы, Қазақстан аптасына 465 рейс жиілігімен 106 маршрут бойынша 27 елмен әуе қатынасына ие. Халықаралық әуе қатынасы пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда, 24 елмен аптасына 442 рейс жиілігімен 99 маршрут бойынша рейстер орындалған, - деді Томпиева. 

Өзгелердің жаңалығы