Жазатайым оқиға кеше, 5 қарашада, Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Жұмыстарды орындау кезінде 1984 жылы туған тау шебері ауыр жарақат алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды. "Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 28 қазанда сағат 02:33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болып, 46 кенші қаза болған еді.