"Қазақфильм" ұлттық киностудиясы жаңа маусымын кәсіби Nomad Stunts халықаралық каскадерлік тобымен жалғастырмақ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
«Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті Азамат Сатыбалды бұл ынтымақтастық қазақ кино индустриясын дамытуға үлкен мүмкіндік болатынын атап өтті.
Бұл келісімшарт біздің кино индустриямыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ қазақстандық кинематографияны дамытудағы маңызды қадам болады. Біз Nomad Stunts-пен бірге көрермендерді қуантып, шабыттандыратын қызықты киножобалар жасаймыз, – дейді Азамат Сатыбалды.
Nomad Stunts тобының жетекшісі келісімшарттың қызықты киножобаларды жасауға мүмкіндік беретінін айтты.
Біз "Қазақфильм" ұлттық киностудиясымен серіктестік орнатып, ынтымақтастықты орнату мүмкіндігін алдық. Бұл серіктестік бізге қызықты киножобаларды жасауға серпін береді. Каскадерларымыздың талантын жаңа қырынан ашуға мүмкіндік береді, – дейді Nomad Stunts тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов.