Сенатор Бибігүл Жексенбай бір редакциядағы қазақ және орыс тіліндегі бөлім контенттері сәйкес келмей жүргенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, редакцияларда қазақ және орыс тілді журналистердің ынтымақтастығы аз.
Еліміздің екі негізгі тілінде шығатын БАҚ бір-бірімен өзара әрекеттеспейді. Қазақ тілінде шығатын БАҚ орыс тілді басылымдар жазып жатқан проблемаларды, ал қазақтілді журналистер көтерген мәселелер орыс тілді БАҚ-тарда қозғалмай жатқанын көріп жатырмыз. Әрине бұл халықтың толыққанды ақпарат алуына кері әсерін береді, - деді сенатор.
Айта кетейік, Сенат «Масс медиа туралы» заңды мақұлдады.