Қазақ-Түрікмен мемлекеттік шекарасында режим орнатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы келісімді ратификациялады.
Ол шекаралас аймақтардың тұрғындарына, сондай-ақ сыртқы сауда қызметімен айналысатын кәсіпкерлерге тиімді болады.
Заң мынадай тәртіпті белгілейді:
- Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен өзге де мүлікті өткізу;
- шаруашылық, кәсіпшілік, зерттеу, ізденіс немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу;
- Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын күтіп-ұстау.