Қазақ тілін үйренетін қытайлық студенттер көбейді – елші

18 Қараша 2019, 11:29
3345
Бөлісу:
Қазақ тілін үйренетін қытайлық студенттер көбейді – елші

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытайда білім алған қазақстандық студенттер мен елімізде қазақ тілін меңгеріп жатқан қытайлық тәлімгерлерді қабылдады. 

Биылдан бастап Қытай жастары қазақ тілін меңгере бастады. Елші Чжан Сяо қытайлық жастардың арасында қазақ тілін үйренуге қызығушылығы артқан студенттер көп екенін атап өтті.

Биылғы кездесуде Қазақстанның жоғары оқу орындарында қазақ тілі мен мәдениетін меңгеріп жатқан қытайлық студенттер бар. Олар қазақ тілін үйреніп жатқанына ұзақ уақыт болмаса да, жақсы меңгергенін бүгін әңгімелесу барысында біле аласыздар. Айта кетейін, бұл – біздің алғашқы тәжірибеміз (қытайлық студенттердің қазақ тілін үйренуі – авт.). Болашақта қазақ тілін үйренетін қытайлық студенттердің қатары көбейеді. Бұл фактінің – маңызы зор. Біріншіден, екі ел арасындағы мәдени және білім алмасудың тереңдегенін, мемлекетаралық қатынастарымыздың жоғары деңгейге көтерілгенін білдіреді. Екіншіден, қытайлықтардың Қазақстанға және қазақ мәдениетін үйренуге, екіжақты дәстүрлі достықты ғасырдан ғасырға жеткізуге құлшынысы артқанының дәлелі, - деді дипломат.

Елші Чжан Сяо биыл қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға сапар жасады. Сол кезде тұңғыш президентімізді ҚХР төрағасы Си Цзиньпин "Достық" орденімен марапаттағанын айрықша атап өтті.

Бұл шара екі ел қатынасының тарихында айрық рөл ойнады. Сондай-ақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйекте жасаған сапарында екі ел басшылары мемлекеттеріміз арасындағы қатынасты мәңгі көпжақты стратегиялық әріптестік статусына көтеруге келісті. Тоқаевтың алғашқы мемлекеттік сапары елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың маңызды оқиғасы деуге болады. Міне, бүгін осы жылдың қорытындысында екі тарихи сапарды айрықша айтқым келеді, - деді елші.

Студенттерге арналған жиынға елордадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов Сиань қаласында қазақ тілін үйреніп жатқан қытайлықтарды тәжірибе алмасуға шақырды.

Қазақстан мен Қытай достық қатынасының тарихы тереңде жатыр. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бұл қарым-қатынас Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің жақын достық қатынасы арқасында қарқынды дамыды... Біздің университетіміздегі Конфуций институтында қазақстандық студенттер қытай тілін, мәдениетін үйреніп жатқанына ұзақ уақыт болды. Бұл институттың оқытушылары менің "Шәкәрім" еңбегімді қытай тіліне аударып берді. Алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қатар, Қытайдың Сиань шет тілдер мемлекеттік институтында университетіміздің өкілдері бар. Сол институтта қытайлықтар қазақ тілін үйреніп жүр. Оларды тәжірибе алмасуға, қазақ тілін жаттықтыруға елімізге шақырамын, - деді ректор.

Өзгелердің жаңалығы