Қазақ тарихының ұмыт қалған қыры: Саясаттанушы қоғамға маңызды үндеу жасады

Саясаттанушы тарихты тек қайғымен өлшеу дұрыс емес екенін айтты. Оның сөзінше, қазақ жерінде әлемге танылған ғалымдар мен мықты ойшылдар болған.

11 Қыркүйек 2026, 17:15
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Аида Батухан 11 Қыркүйек 2026, 17:15
11 Қыркүйек 2026, 17:15
73
Фото: ©BAQ.KZ/Аида Батухан

Қазақстанның тарихи жолын тек қайғы-қасірет пен қиындықтар арқылы қабылдаудан арылып, ел тарихындағы жетістіктер мен ұлы тұлғаларды кеңінен насихаттау қажет. Бұл туралы саясаттанушы Индира Рыстина айтты.

Оның пікірінше, Қазақстан тарихы тек трагедиялық оқиғалардан тұрмайды. Қазақ жерінде ірі жеңістерге жеткен тұлғалар, ғылым мен философияның дамуына үлес қосқан ойшылдар және әлемге танылған ғалымдар аз болмаған.

Қайғылы тарихымыз бар деген ойдан біз арылуымыз керек. Біздің тарихымыз, Президент айтып кеткендей, тек қана мұң мен қайғыдан тұрған жоқ. Ол жерде үлкен жетістіктер де болды. Үлкен шайқастарда жеңіске жеткендер де болды, – деді Индира Рыстина.

Саясаттанушы қазақ халқының тарихында елді бірлікке, білімге және парасатқа үндеген көптеген тұлға болғанын атап өтті.

Қаншама ойға, ақылға шақырған азаматтарымыз болды. Аты әлемге әйгілі ғалымдарымыз да болды. Қазақ жерінде қандай үлкен философиялық дәстүр қалыптасты. Осының бәрін насихаттап, қоғамға жеткізуіміз керек, – деді ол.

Индира Рыстинаның айтуынша, өткеннің қайғылы кезеңдеріне ғана назар аудару қоғамның болашаққа деген көзқарасына да әсер етуі мүмкін.

Егер біз бұрынғы бір қайғыға салына беретін болсақ, бұл тек қана ары қарай сол қайғының ішінде өмір сүруімізге ғана әкеледі, – деді саясаттанушы.

Оның сөзінше, тарихи жадыны сақтау өткеннің қасіретін ұмытумен өлшенбейді. Керісінше, қоғам тарихтағы жетістіктерді, елдің дамуына үлес қосқан тұлғаларды және қазақ жерінде қалыптасқан ғылыми-мәдени мұраны қатар дәріптеуі керек.

Бұл тәсіл, әсіресе, жас ұрпақтың ел тарихын қабылдауына және болашаққа деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Тағы оқи отырыңыз: Сарапшы: Қазақстан тарихын өткен ғасырдағы қиындықтармен ғана өлшемеу керек 

Наверх