Қазақ таеквондошылары Азия чемпионатында тағы екі қола медаль еншіледі

25 Маусым 2022, 17:47
1301
Бөлісу:
Қазақ таеквондошылары Азия чемпионатында тағы екі қола медаль еншіледі

Алматы, BAQ.KZ. Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандық таеквондошылар Жасурбек Исраилов пен Ботагөз Қапанова қоржынымызға қола медаль салды. 

Бұл туралы Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

58 келінің өкілі Исраилов алғашқы кездесуінде Сауд Арабиясының спортшысын 2:1 есебімен ұтты. Екінші кездесуінде таиландтық қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, жартылай финалға шыққан. Алайда финал жолдамасы сарапқа салынған айқаста ирандық қарсыласына жол берді.

Ал 49 келідегі Ботагөз Қапанова бірінші кездесуінде Азия таеквондо федерациясының өкіліне мүмкіндік қалдырған жоқ - 2:0. Екінші жекпе-жегінде Тайпей таеквондошысынан айласын асырды - 2:1. Жартылай финалдық айқаста қытайлық қарсыласына есе жіберді. Есеп - 0:2.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасынан алғашқы медальді 46 келідегі Рита Бакишева иеленді. Аламанның алғашқы күнінде ол қола жүлдегер атанды. Азия біріншілігі 27 маусымға дейін созылады.
 

Өзгелердің жаңалығы