Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі ел шекарасындағы автокөлік кептелісі 10 күннің ішінде шешімін табады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Алматыға жұмыс сапары кезінде айтылды.
Бақыт Сұлтанов «Нұр жолы» өткізу бекеті мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» және «Қорғас» халықаралық шекара-маңы ынтымақтастығы орталығына барды.
Онда жүк тасымалдаудың бірыңғай электрондық кезегін ұйымдастыру әдістері талқыланды. Жеке операторларды алып тастау есебінен тасымалдау құнын едәуір қысқарту мәселесі де сөз болды.