Мемлекеттік кірістер комитеті қазақ-қытай шекарасы бірнеше күнге жабылатынын жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомствоның хабарлауынша, Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2024 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – деп жазылған ҚР ҚМ МКД баспасөз қызметінің хабарламасында.