Қазақ-қырғыз шекарасына жақын аумақта жер сілкінді

30 қаңтарда таңертең қазақ-қырғыз шекарасына жақын маңда жер сілкінді. Дүмпу ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақ Ұлттық деректер орталығы мәліметіне сүйене отырып.

 pexels.com 30 Қаңтар 2026, 10:57
30 Қаңтар 2026, 10:57
518
Фото: pexels.com

30 қаңтарда таңертең қазақ-қырғыз шекарасына жақын маңда жер сілкінді. Дүмпу ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақ Ұлттық деректер орталығы мәліметіне сүйене отырып.

Қазақстандағы сеймографтар Қырғызстан аумағындағы жер сілкінісін Астана уақытымен таңертең сағат 07:54-те тіркеді. Дүмпу магнитудасы – 3.9 балл.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстандағы Нарын қаласына жақын маңда орналасқан. Дүмпу нүктесі қазақ-қырғыз шекарасына дейін шамамен 160 км, Алматы қаласына дейін шамамен 230 км жерде жатыр.

Қазақстанның оңтүстік өңірлері сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Мұнда үнемі жерасты дүмпулері болып тұрады.

Наверх