"Қазақ өнерінің жауһары" 85 жылдығын атап өтуде

16 Қазан 2019, 14:15
2937
Бөлісу:
"Қазақ өнерінің жауһары" 85 жылдығын атап өтуде
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің 85 жылдығы аясында салтанатты концерттер өтетін болады. 

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте оркестр директоры Қуанышбек Мұқанғалиев айтты.

Құрманғазы оркестрі – Қазақстанның аспапты музыкалы өнер тарихындағы алғашқы әрі бірегей оркестр.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев оркестрді "Қазақ өнерінің жауһары" деп атады. Құрманғазы оркестрі бүкіл әлемді қазақтың музыка мәдениетімен, ұлы даланың баламасы жоқ әуезді  әуенімен, қазақтың ерекше музыка аспаптарымен таныстырды", - деді Қ. Мұқанғалиев.

1.jpg

Ұжымның мерейлі жасына арналған салтанатты кешке КСРО халық артисі Б. Төлегенова, ҚР халық артисі Н. Нүсіпжанов, М. Жүнісова, А. Қоразбаев, Н. Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері С. Байғожин, Т. Асар, А. Қосанова, Б. Мықтыбаев, С. Майғазиев және басқалары қатысады.

Өзгелердің жаңалығы