Qazaq Marathon Abay: Семейде ерекше марафон өтті

Кеше, 01:15
371
Бөлісу:
Qazaq Marathon Abay: Семейде ерекше марафон өтті
Фото: gov.kz

Семейде спорт сүйер қауым үшін "Qazaq Marathon Abay" марафоны ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдікке сілтеме жасап.

Іс-шара Абай атындағы алаңда басталды, содан кейін қатысушылар қаланың көрікті жерлерімен жүгірді. Жүгіруге 1000-нан астам әуесқой спортшы қатысып отыр.

Қатысушыларға физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес қашықтықты таңдау мүмкіндігі берілді: 21 км, 10 км, 5 км, 10 км (скандинавиялық жаяу жүріс) және2 км (балаларға арналған қашықтық). Жарыстың жалпы жүлде қоры 5,4 млн теңгені құрады

Семейдегі Qazaq Marathon 2024 марафонның екінші кезеңі болды. Ұйымдастырушылар жылсоңына дейін еліміздің басқа өңірлерінде осындайбес іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Qazaq Marathon өңірлік орталықтарды бір тудың астына біріктірген алғашқы жоба болды. Біздің міндетіміз – спортқа көбірек адамдарды тарту. Бұған дейін өңірлерден спортшылар Алматыға, Астанаға және Шымкентке ірі старттарға қатысу үшін келген болатын, енді біз өңір тұрғындарына үлкен спорттық мереке сыйлау үшін өзіміз келеміз, - деп атап өтті Qazaq Marathon жобасының авторы Азамат Ердесов.

Әр жарысты өткізгеннен кейін ұйымдастырушылар қалаларда кәсіби жаттықтырушылар басқаратын жүгіру мектептерін ашуды жоспарлап отыр. Бұл мектептерде балалар тегін оқи алады, ал уақыт өтекеле ересектер де қосыла алады

Өзгелердің жаңалығы