Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақ күресі мен тоғызқұмалақ – елдегі ең танымал ұлттық спорт түрлері

31 Мамыр 2025, 17:32
521
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстанда ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді: 660 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 660 мыңнан асты. Бұл — елімізде дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 9,6%-ын құрайды (2023 жылы — 619,2 мың адам немесе 8,7%). Жаттықтырушылар құрамы 1781 маманды қамтиды, оның ішінде 1004-і ауылдық жерлерде жұмыс істейді.

2018–2024 жылдар аралығындағы динамика:

• 2018 — 375 926 адам
• 2019 — 399 357 адам
• 2022 — 432 457 адам
• 2023 — 619 200 адам
• 2024 — 660 000-нан астам адам

Ең танымал спорт түрлері:

• қазақша күрес,
• тоғызқұмалақ,
• асық ату,
• көкпар,
• бәйге,
• теңге ілу,
• жамбы ату,
• аударыспақ,
• құсбегілік,
• дәстүрлі садақ ату,
• жекпе-жек және басқа да түрлер.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында өңірлерде 15 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен 17 мамандандырылған клуб жұмыс істейді. Қазақстанда жыл сайын ұлттық спорт түрлері бойынша 1000-нан астам жарыс өтеді.

Өзгелердің жаңалығы