Qazaq kuresi Еуропа чемпионатының жартылай финалдық белдесулері өтті

8 Маусым 2019, 20:29
2161
Бөлісу:
Qazaq kuresi Еуропа чемпионатының жартылай финалдық белдесулері өтті

Вроцлав, BAQ.KZ тілшісі. Польшаның Вроцлав қаласында Qazaq kuresi-нен Еуропа чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа кәрі құрлықтың 24 елінен 120 жуық спортшы қатысуда.

Чемпионаттың алғашқы күні 8 салмақта іріктеу және жартылай финалдық белдесулер өтіп, қола жүлдегерлер анықталды. 

Бүгін 8 маусымда финалдық белдесулер мен абсолют салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынады. Финалдық белдесулер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:55-тен бастап QazSport телеарнасынан тікелей эфирден көрсетіледі. 

Сондай-ақ, онлайн трансляцияны Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының YouTube желісіндегі ресми арнасынан, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тамашалауға болады.  

Еуропа чемпионатына Албания, Армения, Әзербайжан, Австрия, Беларусь, Болгария, Кипр, Эстония, Грузия, Грекия, Исландия, Израиль, Италия, Латвия, Литва, Молдова, Норвегия, Польша, Румыния, Ресей, Сербия, Словения, Испания, Украинадан келген балуандар қатысып жатыр.

Польшадағы Вроцлав қаласының тарихи символы гном – Еуропа чемпионатының бойтұмары. 

Бүгінде Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы ұлттық федерацияларды біріктіруші, Қазақстан Республикасынан тысқары елдерде турнир өткізе алатын жалғыз федерация болып отыр. Осыған дейін Еуропа чемпионаты Грузияның Батуми қаласында өткен болатын.

Айта кетейік, 7 маусымда Польша қаласы Вроцлавта Qazaq kuresi спортынан Еуропа чемпионаты басталды. Еуропа чемпионатын ұйымдастырушы – Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы. Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев федерацияны басқарады.

Өзгелердің жаңалығы