Қазақ-француз. Министр АЭС, жасанды интеллект, ғарыш салаларындағы келісім туралы айтты

1 Қараша 2023, 12:41
1408
Бөлісу:
Қазақ-француз. Министр АЭС, жасанды интеллект, ғарыш салаларындағы келісім туралы айтты
Фото: Арман Мухатов - Архив

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде қазақ-француз зерттеу университеті ашылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі министрге «елімізде АЭС маманы тапшы, тіпті жоқ десек те болады. Бүгінгі Қазақстан-Француз министрліктерінің арасындағы келісімде бұл мәселе қарала ма»? деп сұрақ қойды.

Саясат Нұрбектің сөзінше, екі ел арасында құрылатын университеттің басты бағыты энергетика саласы болады.

Қазіргі таңда жұмыс тобы құрылып, қазақ-француз зерттеу универстетін ашу пысықталып жатыр. Білім ордасы Алматыда орналасады. Біз жағынан және Франция жағынан да мықты университеттердің қатысуымен оның үш негізгі бағыты болады олар: энергетика, коммуникация, жасанды интеллекті пен компьютерлік инженерия. Әзірше жұмыс тек осы бағытта, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы