Отандық танымал тележүргізуші Диана Скатова желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жуырда тұрмыс құратынын айтқан ол оқырмандарын қуантып қойды.
Аллаға шүкір, тәтті шайымыз ойдағыдай өтті. Сүйіктімнен кезекті гүлдер. Жаңа жас – жаңа статус.
Қуан, қазақ елі! -1 қыз, - деп жазды ол желідегі парақшасына.
Еске салайық, бұған дейін Қыдырәлі Болманов желіде тараған видеоға жауап берген болатын.