Қазақ балуаны Албаниядағы турнирде грек-рим күресінен алтын медаль еншіледі

Ол финалда 67 кг салмақта грузин балуаны Диего Чхиквадзені жеңді.

 Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Бүгiн 2026, 08:32
Бүгiн 2026, 08:32
266
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Мейіржан Шермаханбет Албанияның Тирана қаласында өткен халықаралық турнирде грек-рим күресінен жеңімпаз атанып, алтын медальге қол жеткізді. Ол финалда 67 кг салмақта грузин балуаны Диего Чхиквадзені жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Финалға дейін қазақстандық балуан үш жекпе-жек өткізді:

  • 1/8 финалда эквадорлық Андреас Монтаноны жеңді.
  • Ширек финалда әзірбайжандық Махаммад Шукирзадеден 4:0 есебімен басым түсті.
  • 1/2финалда грузин Джони Хетсурианиді 3:1 есебімен жеңді.

Сонымен қатар, 63 кг салмақта өнер көрсеткен Ернұр Фидахметов қола медальмен иеленді. «Қола» үшін күресте ол ирандық Али Нураейден басым түсті.

Қазақстандық балуандардың бұл жетістігі ел спортының халықаралық аренадағы мәртебесін тағы бір мәрте арттырды.

Наверх