Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қаза тапқандар бар: АҚШ-та екі тікұшақ соқтығысты

Бүгiн, 02:34
168
Бөлісу:
 New York Post
Фото: New York Post

Нью-Джерси штатындағы Хаммонтон қаласы маңында екі тікұшақ әуеде соқтығысып, құлады. Бірі орман алқабына, екіншісі қала құрылысы аймағына түскен, апат орнында өрт шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ New York Post басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті мәліметтер бойынша, бір адам қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. Әуе кемелеріндегі жолаушылар саны әлі нақты анықталған жоқ.

Құтқару және құқық қорғау органдары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, ал АҚШ авиация органдары соқтығысудың себептерін тергеуде.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Килиманджаро тауы аймағында да тікұшақ құлап, эвакуация операциясы жүргізілген еді.

Өзгелердің жаңалығы