Абаев: Бұл игі бастама қайырымдылық жасау мәселесін жаңа деңгейге көтереді

27 Қараша 2019, 13:46
3093
Бөлісу:
Абаев: Бұл игі бастама қайырымдылық жасау мәселесін жаңа деңгейге көтереді
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ана есімін ардақтаған құлшылық үйі - "Әлжан Ана" мешітінде садақа қабылдауға арналған QIWI электрондық терминалының тұсаукесері өтті. 

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз елордадағы "Әлжан Ана" мешітінде электрондық терминалдар арқылы азаматтардан қайырымдылықты қабылдау процесін іске қосу рәсімін өткізді.

WhatsApp Image 2019-11-27 at 13.48.06.jpeg

Осыдан екі ай бұрын республикалық имамдар форумы өткенін өздеріңіз білесіздер. Сол үлкен жиында осы жәйттер талқыланып, мәселе көтерілген. Алғашқы бастаманы осы "Әлжан-Ана" мешітінде іске асырып отырмыз. Мемлекет тарапынан біз әрдайым осындай ашықтықты қолдаймыз. Бұл Діни басқарманың беделін арттырып, еліміздегі мұсылман қауым үшін ізгі іс екеніне сенемін және де қайырымдылық жасау мәселесін жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдіремін. Сондықтан да әрқашан демейміз, қолдаймыз, - дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. 
WhatsApp Image 2019-11-27 at 13.49.39 (1).jpeg

Министр әрі қарай өзге де ірі қалаларда, кейін аудандарда орнатылатынын айтты. 

Заманауи технологиялар қарқынды дамып, ауыл-аймақтарға да интернет желісі қосылуда. Сол себепті мұндай электрондық терминалдар еліміздің әр өңіріндегі мешіттерге қойылатын болады, - деп өз сөзін түйіндеді Дәурен Абаев. 
WhatsApp Image 2019-11-27 at 13.49.49.jpeg

Іс-шарада министр электрондық терминалдардың бас шаһардағы барлық 12 мешітте орнатылғанын атап өтті. 

Бүгін Діни басқармаға қарасты еліміздің барлық мешітінде бір игі бастаманы көтеріп отырмыз. Ол біріншіден қаржылық ашықтықты қалыптастыру мақсатында. Екіншіден, бүгінгі қолма-қол қаржыдан арылып және өзіміздің есеп-қисапты жеңілдетіп жүргізу үшін жаңа заманауи садақа терминалдары орнатылуда. Жалпы әлемдегі көптеген мұсылман елінде де заман талабына сай осындай терминалдар қойылған. Бұл мешітке келушілердің мәдениетінің қалыптасуына зор үлесін қосады, - деді бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Мұндай терминалдар облыс орталықтары мен республиканың барлық ірі қаласындағы мешіттерінде орнату жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, бұл игі бастама ҚМДБ есеп айырысу шоттарына қолма-қол ақшасыз жолмен қайырымдылықты қабылдау процесі оның қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді және халықтың діни ұйымға деген сенімін арттырады.

Сонымен қатар, министр мен Бас Мүфти "Әлжан Ана" мешітінде елорда имамдарымен кездесіп, олардың ағартушылық қызметіне қатысты мәселелерді талқылады.

Өзгелердің жаңалығы