Қайықпен жедел жәрдемге жеткізілген әйел құтқарушыларға алғыс білдірді

13 Сәуір 2024, 19:09
352
Бөлісу:
Қайықпен жедел жәрдемге жеткізілген әйел құтқарушыларға алғыс білдірді
Фото: видеодан кадр

Ақмола облысындағы Қалқұтан өзенінің тасуына байланысты Ескі Қалқұтан ауылын су басқан болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Астрахан ауданының құтқарушылары адамдарды эвакуациялау барысында кенеттен қан қысымы көтерілген Марина Федоровнаға да көмектесті.

Ауылды су басып кеткен кезде қан қысымым көтеріліп, ауырып қалдым. Бірақ құтқарушы жігіттер дер кезінде келді. Менің заттарымды жинауға көмектесіп, бәрі жақсы болатынын айтты. Сосын мені қайыққа жатқызып, үстіме көрпе жауып, жедел жәрдемге дейін жеткізді. Оларға алғысым шексіз, – деді Ескі Қалқұтан ауылының тұрғыны.

1959 жылы туған Марина Федоровна қан қысымы жиі көтеріліп тұратынын айтады. Ол Астана қаласындағы ауруханалардың бірінде емделіп шығып, қазір жағдайы жақсарғанын айтады.  

Айта кетейік, Ескі Қалқұтан ауылының тұрғынына Астрахан ауданының ТЖБ бастығы Аят Сералиев бастаған құтқарушылар көмектесті.

Өзгелердің жаңалығы