Жетісу облысының Ұмтыл ауылының тұрғындары қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жетісу облысы Қаратал ауданының Ұмтыл ауылында прокуратура органдарының бастамасымен мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынған орталықтандырылған ауыз су жүйесінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға аудан прокуроры мен әкімі, жұртшылық өкілдері, ауыл ақсақалдары мен құрметті тұрғындар қатысты.
Жобаны іске асыру нәтижесінде ауданның 500 тұрғыны орталықтандырылған ауыз сумен толық қамтамасыз етілді. Аталған нысанның пайдалануға берілуі тұрғындардың өмір сүру сапасын едәуір арттырып, тасымалданатын суды пайдалануға деген қажеттілікті жойды. Бүгінде Жетісу облысында денсаулық сақтау, білім беру және коммуналдық шаруашылық салаларында 27 әлеуметтік жоба іске асырылуда, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Аталған жобалардың іске асырылуы Жетісу облысының прокуратурасының бақылауында.