Ұлытау облысындағы Мыңадыр стансасында жаңа мектеп құрылысы халық санының қарқынды өсіп келе жатқанын ескере отыра, мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір қолданыстағы мектеп толып кеткен, қажетті оқушы санына сәйкес келмейді. Бұдан бөлек, мектепте спорт залы жоқ. Ал жаңа 80 орындық мектептегі кабинеттер сапалы білім беру процесімен қамтамасыз ету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталып, қолданыстағы мектеп жүктемесін жеңілдетеді.
Мектебіміз заманауи талаптарға сай емес. Оқушылар саны жыл сайын көбейіп келеді. Осыған байланысты заман талабына сай жаңа мектептің салынуы біз үшін өте маңызды. Бізге спорт залы қажет. Мысалы, қыста балалар дене шынықтыру сабағын кабинетте өткізеді. Балалар спорт залында ойнап, түрлі үйірмелерге қатысқысы келеді. Бірақ бұның ешқайсысы қарастырылмаған. Мен көпбалалы анамын. Барлық ата-ананың арманы балаларымыз осы жерде 11-сыныпқа дейін оқыса дейміз. 9-сыныптан кейін балаларды басқа жерлерге, бөтен адамдардың үйінде тұруға жібергіміз келмейді. Бұл көптеген қолайсыздық тудырады. Сондықтан заманауи талаптарға сай мектептің салынуын сұраймыз, - деп атап өтті Мыңадыр стансасының тұрғыны Манар Ақантай.
Ал Жаңаарқа ауданының білім бөлімі Мыңадыр стансасында жаңа мектеп салу мәселесі 4-5 жылдан бері көтеріліп келе жатқанын алға тартты.
"Заң шеңберінде иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" аясында Арнаулы мемлекеттік қордан 1,2 млрд теңгеден астам қаражатты Ұлытау облысы Мыңадыр стансасында орта мектеп құрылысына бөлу жергілікті балаларға тиісті білім беру жағдайын қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Қолданыстағы мектепте толыққанды оқу процесін жүргізуге жағдай жоқ, спорт залы да жоқ. Жаңа мектептің құрылысы қолданыстағы мектеп жүктемесін азайтып, орын тапшылығын шешуге және толыққанды білім беру процесіне қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Жаңа мектеп салу мәселесі 4-5 жылдан бері көтеріліп келеді. Біздің мектебіміз тар, үзіліс кезінде балаларға қозғалу қиын. Қазір мұнда шамамен 120 бала оқиды, ал ғимарат мұндай көлемге арналмаған. Бар мәселе қаржыландыруға кеп тіреледі. Жобалық-сметалық құжаттама дайын. Бір гектар жер учаскесі бөлінді. Мектептің және оған арналған басқа нысандарды салатын орын анықталды. Бұл елді мекен үшін жаңа мектеп өте қажет. Бұл мәселе шешіледі деп сенеміз, - деді Жаңаарқа ауданы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бекеев.
Еске салайық, бұған дейін Үкімет қайтарылған активтерден Ұлытауда 1,2 млрд теңгеден астам қаржыға мектеп салатыны туралы жазған болатынбыз.