Алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалған актриса әрі әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова желіде оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айтуынша, актрисаның бөлісер сүйінші жаңалығы бар.
Өздеріңізге белгілі сот мәселесі бойынша іс жүріп жатты. Жария етіп жазған күннен бастап, маған тілеулес, жанашыр, кеңесші, жол сілтеуші болған әр жанға алғыс. Бұл жаңалықтың жақсы жері сол, мен үшін бәрі де аяқталды. Балаларыма, өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты. Әу бастан бұл жағдайды сынағым деп қабылдағаным рас. Ешкім, ешқашан үйрете алмайтын өмірлік сабақ болды, - деп ағынан жарылды актриса.
Сондай-ақ айналасындағы адамдардың да сүзгіден өткенін алға тартты.
Керісінше үнсіз ғана қасымда болып, қолынан келгенін жасап, көмектесуге тырысқан жандарды да көрдім. Бастысы айналамдағы адамдар сүзгіден өтті. Мемлекеттік құзырлы органдарының табалдырығын тоздырғаным да рас. Заң саласында біраз білімім артты десем артық болмас. Енді адвокатсыз қол қоймайтын темірдей тәртіп енді. Енді бұл тақырыпқа қайта оралғым келмейді, - деді ол.