Қазақстанның соңғы жаңалықтары

«Қайраттың» жанкүйерлері «Хапоэль» футболшыларына ұйқы бермеді

1 Тамыз 2019, 13:49
1848
Бөлісу:
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласында Еуропа Лигасына іріктеу раунды бойынша «Қайрат» пен «Хапоэль» командалары арасында екінші матч өтеді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Израильдік Sport5 басылымы алматылық команданың жанкүйерлері «Хапоэль» ойыншыларының ұйқысына кедергі келтіргенін жазды. Басылымның мәліметінше, жанкүйерлер қонақүй терезесінің алдына отшашулар жарған.


«Қайрат» пен «Хапоэль» матчы Алматыдағы орталық стадионда жергілікті уақытпен 20:30-да басталады. Бұған дейінгі кездесуде израильдік команда 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Өзгелердің жаңалығы