Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қайратқа" қарсы ойын біздің әдеттегі тәртіпті өзгертеді – "Реалдың" бас бапкері

30 Тамыз 2025, 02:34
2137
Бөлісу:
 Pau Barrena / Getty Images
Фото: Pau Barrena / Getty Images

"Реал Мадридтің" бас бапкері Хаби Алонсо Чемпиондар Лигасының топтық кезең жеребесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, мадридтік клубқа Қазақстанға алыс сапар жасауға тура келетіндіктен, дайындықтың қалыпты ырғағы өзгереді. Бұл туралы FlashScore мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанға сапар – ерекше жағдай. Мұндай ұзақ қашықтыққа ұшуға үйренбегенбіз. Жарыс кестесіне қалай бейімделетінімізді көреміз. Ең бастысы – логистиканы мүмкіндігінше жеңілдету, – деді Алонсо.

Еске сала кетейік, жеребе нәтижесінде "Қайрат" өз алаңында "Реал Мадрид", бельгиялық "Брюгге", гректің "Олимпиакосы" және "Пафосын" қабылдайды. Сырт алаңдағы матчтарда жерлестеріміз итальяндық "Интермен", ағылшындық "Арсеналмен" және даниялық "Копенгагенмен" кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы