Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қайрат" – "Реал" матчы: Алыпсатарлар билеттерді 500 мың теңгеге сатып жатыр

Нұрқанат Атажан
24 Қыркүйек 2025, 11:48
619
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
Фото: коллаж BAQ.KZ

Алматыда алыпсатарлар Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында өтетін “Қайрат” – “Реал” матчының билеттерін 500 мың теңгеден бастап ұсынып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жарнамалар Threads әлеуметтік желісінде пайда болды. Билет сатып алып үлгермеген жанкүйер желіде жазба жариялады.

Жарайды, алыпсатарлар, билеттерге өз бағаларыңды айтыңдар, – делінген жазбада.

Оның астында алыпсатарлар шок тудыратын ұсыныстар қалдырған.

150 мыңға сатып алдым. Енді 500 мыңға сатамын. Алу үшін алдын ала 70% төлеу керек, қалғанын – кіреберісте. Өзіміздің куәліктеріміз арқылы өткіземіз”, – деп жазды олардың бірі.

Тағы біреу 50% алдын ала төлемді талап еткен.

41-сектор. Билет бағасы – 150 мың теңге. Ұнамаса – өтіп кетіңіздер. Ойларыңызды өзгертпеу үшін алдын ала 50% төлеу қажет. Өзіндік билетті тек матч күні береміз. Біз де өзіміз барамыз. Күйеуіммен бірге кіргіземіз. Билеттер біздің ЖСН-ға рәсімделген, – деп жазды басқа қолданушы.

Айта кетейік, матч билеттерінің сатылымы кеше сағат 17:00-де басталып, бар болғаны бірнеше сағатта бітіп қалған. Ең арзан билет 30 мың теңге, ал ең қымбаты  250 мың теңге болған.

Өзгелердің жаңалығы