Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынына қанша турист келеді

Әсел ӘБІЛБЕК
2 Қыркүйек 2025, 12:40
781
Бөлісу:
 "Қайрат" ФК
VIDEO
Фото: "Қайрат" ФК

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр «Қайрат» стадионының УЕФА-ның 4-санатты стандартына сай екенін атап өтті.

Бізде алаң толық дайын. Қала да туристерді қабылдауға әзір. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Алматыда 30 мың орындық жаңа стадион салынады. Бұдан бөлек, 7 өңірде стадион құрылысына қатысты жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Биыл күзде, қыркүйек айында, УЕФА-ның 3-санатты алғашқы стадионы Қызылордада пайдалануға беріледі. Ал қалған 5 өңірде жер учаскелерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Жауапты тапсырмалар бар, бұл жобалар міндетті түрде жүзеге асады, – деді Мырзабосынов.

Министр қалаға келетінін турист санын да айтты.

Бүгінгі күні арнайы УЕФА-ның да стандарттары бар. Келем деген адам келе бермейді. Арнайы квотасы бар. Ол квота 4 мыңға жуық екені айтылып жатыр. Ол сан нақтыланады,- деді министр.

Өзгелердің жаңалығы