«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды

14 Тамыз 2022, 14:04
1460
Бөлісу:
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды

Футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңінің алтыншы турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл күнгі соңғы екі кездесуде А тобында Алматының «Қайраты» өз алаңында «Атырау» командасынан 3:0 есебімен басым түсті. Бұл топтағы тағы бір кездесуде Павлодар облысының «Ақсу» клубы Шымкенттің «Ордабасы» командасына 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Аталған топтан «Қайрат» пен «Ордабасы» ширек финалға жолдама алды.

Сондай-ақ, В тобында ақтаулық «Каспий» өз алаңында «Ақжайықты» 2:1 есебімен тең түссе, «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Тараз» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Енді 14 тамызда 18:00-де D тобында «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тұран» (Түркістан), 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), 21:00-де С тобында «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай), В тобында «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) ойындары басталады.

Өзгелердің жаңалығы