Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойынының билеттері сатылымға қашан шығады?

Әсел ӘБІЛБЕК
4 Қыркүйек 2025, 12:40
2855
Бөлісу:
 "Қайрат" ФК
Фото: "Қайрат" ФК

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойынға билеттер 10 күн қалғанда сатылымға шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Билеттерді сату құқығы тікелей «Қайратқа» тиесілі, себебі негізгі тарап – клубтың өзі. Бүгінгі күні бізде бар ақпарат бойынша, сатылымның басталуы матчқа 10 күн қалғанда жоспарланған. Яғни егер ойын 30-ында өтсе, шамамен 20-сы күні билеттер сатыла бастайды, – деді Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

Билеттердің бағасына қатысты әзірге нақты шешім қабылданбаған.

Баға саясатын «Қайрат» клубы сұранысқа сәйкес белгілейтін болады. Менің ойымша, 20-сына қарай нақты баға мен билеттердің санын білеміз, –деді вице-министр.

Еске салайық, "Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойыны 30 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді. Ал билет бағасы қанша болатыны туралы министрдің өзі жауап берген еді.

Өзгелердің жаңалығы