"Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойынына билет бағасы қанша болады?

Бұл сұраққа туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 fckairat.com 2 Қыркүйек 2025 2025, 12:56
2 Қыркүйек 2025 2025, 12:56
9569
Фото: fckairat.com

Бұл сұраққа туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Билет бағасы әлі белгісіз. "Қайрат" клубына қатысты УЕФА-мен келісімді түрде оның бағасы, сатылатын жері бәрі айтылады. Ең бастысы жанкүйерлерге байқау керек. Алдап сататын платформалар көп. Алданып қалмау керек. Біз ресми түрде қай уақытта билеттер сатылатынын жариялаймыз, - деді министр.

Екі клуб арасындағы ойын 30 қыркүйек күні Алматыда өтеді.

Еске салсақ, "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынына қанша турист келетінін хабарлаған болатынбыз.

Наверх