Алматының "Қайраты" Грекияның "Олимпиакостан" ұтылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Астана Арена" стадионында өткен матч 0:1 есебімен аяқталды. Матчта жалғыз әрі жеңісті голды "Олимпиакос" сапынан 73-минутта Желсон Мартинш соқты.
Осы жеңісінің арқасында грекиялық ұжым Чемпиондар лигасында 5 ұпай жинап, турнирлік кестеде 26-орынға көтерілді. Ал "Қайрат" 1 ұпаймен 35-орында тұр.
"Қайрат": Темірлан Анарбеков – Луиш Мата, Александр Широбоков, Егор Сорокин, Еркін Тапалов (Азамат Тұяқбаев 62) – Олжас Байбек (Дамир Қасаболат 82), Дан Глейзер, Александр Мрынский, Гиорги Зария (Валерий Громыко 46) – Рикардиньо (Жоржиньо 46), Эдмилсон (Юг Станоев 82);
"Олимпиакос": Костас Дзолакис – Франсиско Ортега, Жюльян Бьянкон, Лоренцо Пирола, Родиней – Сантьяго Эссе (Дани Гарсия 84), Христос Музакитис, Шикинью (Мехди Тареми 62) – Желсон Мартинш, Даниэл Поденсе (Габриэль Стрефецца 62), Айюб эль-Кааби;
Айта кетейік, «Қайраттың» өз алаңында өтетін қалған ойыны да ауа райының қолайсыздығына байланысты елордадағы төбесі жабық «Астана Арена» стадионында өтеді.