Қайрат Мәми: Бүгінде президенттік басқару формасының келбеті өзгеруде

24 Сәуір 2020, 16:45
2196
Бөлісу:
Қайрат Мәми: Бүгінде президенттік басқару формасының келбеті өзгеруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Конституциялық кеңесің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Мәми Қазақстандағы президент институтының қызметіне қатысты пікір білдірді.

Қайрат Әбдіразақұлы бүгін өткен "Президенттік басқару формасы: конституциялық негізі және саяси практика" атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция аясында еліміздегі мемлекетті басқару тетігінің уақыт өтеберік тетікке айналғанына тоқталды.

Осыдан 30 жыл бұрын тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлының басқаруымен Қазақстанда жұмыс жасала бастады. Мемлекетті басқару тетігі жұмысқа қабілетті және берік тетікке айналды. Мұндай басқару үш онжылдық бойына тиімділігін көрсетіп келеді. Қазақстанның ел басқару формасы қоғам және мемлекеттің терең транформациясы жағдайында эволюцияның белгілі бір кезеңдерінен өтті. Қазіргі қолданыстағы Конституциямызға сәйкес, жаңа президенттік басқару түрі пайда болды. 

Бұл - Қазақстанды демократиялық мемлекет ретінде нығайту және халықаралық өмірге беделді қатысу стратегиясын іске асыруда маңызды болды. Қолданыстағы Конституция арқылы Мемлекет басшысына негізгі заңды жүзеге асыруға жетекшілік етуге мүмкіндік беретін белгілі бір құзыреттіліктер берілді. Оларды жүзеге асыру үшін тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белсенді түрде барлық институционалдық және идеологиялық мүмкіндіктерді пайдаланды, - деді Қайрат Мәми. 

Профессордың айтуынша, бүгінде президенттік басқару формасының келбеті өзгеруде.

Конституциялық реформа негізінде ұлттық және жалпылама құндылықтарға қажетті толықтырулар енгізіліп, бүгінде қазақстандықтардың күнделікті өмірінде жүзеге асырылып жатыр. Президенттік басқару формасының келбеті де өзгеруде. Үкімет пен парламенттің жауапкершілігі мен дербестігі артып келеді. Бірақ, саяси бақылау бойынша Мемлекет басшысы қалыптастырған іргетас негіздері сақталып отыр. Президенттік басқару формасы ары қарай да мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, адамдардың құқығы мен бостандығына кепілдік беретініне сенімім зор, - деді Қайрат Әбдіразақұлы.


Өзгелердің жаңалығы