Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қайрат" Чемпиондар лигасында сенсациялық жеңіске жетті

15 Шілде 2025, 22:51
1222
Бөлісу:
 sports.kz
Фото: sports.kz

Алматылық "Қайрат" футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жауапты матчында словениялық "Олимпия" командасын 2:0 есебімен жеңіп, сенсация жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы ойында Люблянада 1:1 есебімен тең түскен командалар бұл жолы Алматыда шешуші кездесуге шықты. Жергілікті жанкүйерлердің қолдауымен "Қайрат" қарсыласынан басым түсті.

Матчтағы есепті 5-минутта Жоржиньо ашты – ол айып алаңында баспен дәл соққы жасады. 31-минутта Александр Мрынский жеке шығуды сәтті аяқтап, есепті 2:0-ге жеткізді. Екінші таймда алаң иелері қорғанысқа ден қойып, нәтижені сақтап қалды.

Келесі кезеңде "Қайрат" Финляндияның КуПС және Молдованың "Милсами" клубтарының арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы