Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қайрат" – "Брюгге" матчы: Астанада қауіпсіздік күшейтіледі

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов

2026 жылғы 20 қаңтарда Астана Арена стадионында Қайрат пен Брюгге командалары арасында футбол матчы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында елорда полициясы матч өтетін күні қоғамдық тәртіпті күзетуді күшейтеді.

Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге патрульдік және туристік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жұмылдырылады. Жалпы алғанда, шара барысында шамамен 2800-ге жуық полиция қызметкері қызмет атқарады.

Өзгелердің жаңалығы