Алматылық команда УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық "Селтикпен" кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алғашқы матчта тең нәтиже тіркелсе, Қазақстанда өткен матчта сары-қаралар негізгі уақытта (0:0) тең түсті. ал пенальти сериясында жеңіске жетті. Осылайша "Қайрат" алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.
"Қайрат" футбол клубының Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне дейінгі жолы:
"Олимпия Любляна" 1:1 "Қайрат"
"Қайрат" 2:0 "Олимпия Любляна"
"Купс" 2:0 "Қайрат"
"Қайрат" 3:0 "Купс"
"Қайрат" 1:0 "Слован Братислава"
"Слован Братислава" 1:0 "Қайрат" (п.с 3:4)
"Селтик" 0:0 "Қайрат"
"Қайрат" 0:0 "Селтик" п.с 3:2
Тарихи ойынды "Qazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.