Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қайғылы оқиға: жасөспірімді құтқармақ болған ер адам онымен бірге көз жұмды

29 Тамыз 2025, 08:39
491
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысының Алға ауданындағы Танаберген өзенінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Диапазон» басылымы жазды.

15 жастағы жасөспірім шомылуға тыйым салынған жерде суға бата бастаған. Оған көмектесуге 32 жастағы ер адам жүзіп барған, бірақ ол бозбаланы құтқара алмай, онымен бірге суға батып кеткен.

Оқиға орнына Алға ауданының өрт сөндіру қызметінің, әкімдіктің және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері келді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына сүңгуірлер тартылды. Марқұмдардың мәйіті жағалаудан 7 метр қашықтықта, шамамен 3 метр тереңдіктен табылды, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы