5 жыл ішінде қалалар саны 3 бірлікке өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Соңғы бес жылда Қазақстандағы қалалар саны 2 облыстық және 1 аудандық маңызы бар қалаларды қоса алғанда 3 бірлікке артты.
2024 жылдың 1 шілдесіне елімізде қала мәртебесі бар 90 елдімекен тіркелген.
Олардың ішінде: 39 — облыстық маңыздағы 48 — аудандық маңыздағы 3 — Республикалық маңыздағы Қалалардың ең көп саны Ақмола облысында — 11, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында — әрқайсысында 8-ден.
Бес жыл бұрын қала халқының үлесі 58% құраған, бүгінде бұл көрсеткіш 62,7% дейін өсті.
Осылайша қала халқының саны 12,6 млн адамға жетті. Ең көп қала тұрғындарының саны Республикалық маңызы бар қалаларда: Астана – 1,4 млн, Алматы – 2,2 млн, Шымкент – 1,2 млн адам.
Облыстар ішінде 927 мың қалалық тұрғыны бар Қарағанды мен 709 мың қала тұрғыны бар Ақтөбе облыстарында урбанизация деңгейі ең жоғары.