Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қай өңірлерде жылыту маусымы тоқтатылды?

Олжас АДАЙ
16 Сәуір 2025, 15:05
1208
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Еліміздің 12 өңірінде жылыту маусымы аяқталып қалды. Қазіргі кезде жылу беру механизмдері тоқтатылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді.

Ауа райына байланысты оңтүстік, шығыс өңірлерде жылыту маусымы тоқтатылды. Ал солтүстік өңірлерде айдың соңына дейін кесте бойынша жұмыс жалғасады, - деді спикер.

Оның айтуынша, биылғы жылыту маусымының қорытындылары бойынша технологиялық бұзушылықтар 27%-ға төмендеген. Жылу орталықтарында тозу деңгейі 61%-зға дейін, жылу желілерінде 54-тен 52%-ға дейін төмендеді.

Екібастұз, Риддер қалаларының ЖЭО-ларында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде осы жылу орталықтарының тозу деңгейі 45-50% дейін төмендеді, - деді Энергетика министрлігінің өкілі.

Өзгелердің жаңалығы