Қай өңір автомобиль өндірісінде көш бастап тұр

27 Қаңтар 2025, 17:36
271
Бөлісу:
Қай өңір автомобиль өндірісінде көш бастап тұр
Фото: Руслан Мизунин

2024 жылы Қазақстанның автомобиль өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1,9 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

energyproom дерегінге, бұл 2023 жылғы 1,8 трлн теңгеден жоғары. Саланың жалпы өндірісінің жартысынан астамы тек бір ғана Қостанай облысына тиесілі, мұнда еліміздің ең ірі автомобиль зауыты - Allur орналасқан. Айта кету керек, өңірдегі өндіріс көлемі 1 трлн теңгеден асты.

Одан кейінгі орында Алматы. Мұнда Hyundai Trans Kazakhstan және Hyundai Trans Auto автозауыты жұмыс істейді: өндіріс көлемі - 567,9 млрд теңге. Сондай-ақ Қарағанды облысында орналасқан QazTehna автозауытының өндіріс көлемі айтарлықтай жоғары болды: 130,6 млрд теңге. Қалған өңірлерге автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндірісінің тек 10%-дан астамы ғана тиесілі.

Автомобиль өнеркәсібі Қазақстанның машина жасау саласының негізгі драйвері болып қала береді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласының 41%-ын және өңдеу өнеркәсібінің шамамен 8%-ын құрады.

Өңірлік бөліністе жағдай одан да айқын: мәселен, Қостанай облысында автоөнеркәсіп машина жасау саласының 85,2%-ын және өңірдің барлық өңдеу өнеркәсібінің жартысына жуығын қамтиды. Ал Алматыда автоөнеркәсіп машина жасаудың 72,3%-ын және мегаполистің барлық өңдеу өнеркәсібінің үштен бірін құрайды.

Автомобиль өнеркәсібі машина жасау мен өңдеу өнеркәсібіндегі үлесін одан әрі арттырады деген барлық алғышарттар бар. 2024 жылы автоөнеркәсіпке инвестициялар көлемі 189,8 млрд теңгеге жетті – 2019 жылмен салыстырғанда 21 есе және 2023 жылмен салыстырғанда 5,3 есе көп.

Өзгелердің жаңалығы