Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қауіпті сапар: 13 жасар бала ұшақтың шасси қуысына тығылып, 90 минут ұшқан

23 Қыркүйек 2025, 20:32
925
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

13 жасар бала Кабулдан Делиге дейін ұшақтың шасси бөлімінде отырып ұшып келген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі azertag-қа сілтеме жасап.

Ауғанстандық жасөспірім ұшақтың шасси бөлімінде тығылып, Кабулдан Делиге дейін 94 минут ұшқан.

Кундуз қаласынан келген 13 жастағы бала Иранға барғысы келген. Сол үшін ол әуежайға келіп, ұшақтың артқы дөңгелектерінің жанындағы шасси қуысына тығылған. Өзімен бірге тек қызыл түсті шағын аудиодинамикасы ғана болған, - деп жазады The Indian Express.

Алайда, баланың тығылып мінген ұшағы Тегеранға емес, Делиге ұшып кеткен. 

Ұшу ұзақтығы 90 минуттан асса да бала тірі болып шықты. Оны Индира Ганди атындағы әуежайдың (IGI) қызметкерлері тауып алған.

Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, баланы Делидегі әуежайда таңғы 10:20-де байқаған. Кешке жасөспірім қайтадан Кабулға жіберілген.

Әдетте жолаушылар ұшақтары ұшатын 10–11 км биіктікте ауа температурасы -60 °C-қа дейін төмендейді. Сонымен қатар, осы биіктікте оттегі жеткіліксіз болады.

Еске салайық, бұған дейін салонында егеуқұйрық жүрген ұшақ рейсі үш сағатқа кешіккенін жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы