Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қауіпсіздік және қолдау шаралары: 2025 жылғы жастар баяндамасының ерекшелігі неде?

Жансая ҚАМБАР
Бүгiн, 20:28
120
Бөлісу:
 Арман Мухатов
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Баяндаманы таныстырып, талдау Астанада “Жастар” ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ұлттық баяндаманың жастармен жұмыс істеу саласында нақты бағдар беретін жол картасына айналуы тиіс екенін айтты.

Ұлттық баяндама Мемлекет басшысына ұсынылғаннан кейін барлық өңірде бюджетті жоспарлау мен жастар саясатына қатысты тәсілдерді нақтылауға негіз болады, – деді ол.

Қауіпсіздік және қолдау шаралары: 2025 жылғы жастар баяндамасының ерекшелігі неде?

Жастарға арналған ұлттық баяндамалар соңғы 13 жылда дайындалып келеді. Вице-министр алдағы уақытта осы уақытқа дейін жиналған деректер қорын жастарға қатысты терең әрі көпфакторлы зерттеулерге қолдану жоспарланғанын атады.

Қауіпсіздік және қолдау шаралары: 2025 жылғы жастар баяндамасының ерекшелігі неде?

Биылғы баяндаманың мазмұнындағы ерекшеліктермен “Жастар” ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлісхан Нахбаева таныстырды.

2025 жылғы баяндама мазмұны бұрынғы жылдармен салыстырғанда ауқымдырақ, оған екі жаңа тарау қосылды. Біреуі – жастар арасындағы қылмыс пен қауіпсіздік, екіншісі – мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі туралы бөлім, - деді ол.

Қауіпсіздік және қолдау шаралары: 2025 жылғы жастар баяндамасының ерекшелігі неде?

Директор орталық тек ұлттық баяндамамен шектелмейтінін жеткізді.

Жыл сайын өңірлерге шығып, жастармен бетпе-бет форматта әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі, жастардың құндылықтары, медиа тұтынуы, еңбек нарығындағы үрдістер секілді бағыттарда аналитикалық материалдар әзірленеді. Осы ұсыныстар ашық түрде жарияланып, мемлекеттік органдарға нақты ұсыныс ретінде жолданады, - деді Гүлісхан Нахбаева.

Қауіпсіздік және қолдау шаралары: 2025 жылғы жастар баяндамасының ерекшелігі неде?

Сондай-ақ ол еліміз бойынша жұмыс істейтін 235 жастар ресурстық орталығының қызметін біріздендіру мақсатында бағалау жүйесі дайындалғанын атап өтті.

Бұл бастама өңірлердегі жұмыстың сапасын салыстыруға, нақты көрсеткіштер арқылы тиімділікті өлшеуге мүмкіндік береді, - деді директор.

Өзгелердің жаңалығы